ҰСО Ақмола облысы бойынша зертханасы ұнды фортификациялауда сәйкессіздік анықтады
В лаборатории НЦЭ по Акмолинской области выявили несоответствие фортификации в муке 11.07.2022

ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Ақмола облысы бойынша филиалы 2022 жылдың 6 айында тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін мониторингтеу шеңберінде ұнды фортификациялауды анықтауға 136 зерттеу жүргізді.

40 зерттеуде келесі көрсеткіштер анықталды: темірдің орташа мөлшері қалыпты жағдайда 45,0-65,0 мк/кг болса, зерттеу нәтижесіне сәйкес 0,2-53,7 мк/кг., мырыштың қалыпты жағдайда мөлшері 1, 0-1,8 мк/кг. болса, зерттеу нәтижесі 0,5-25,7 мк/кг. құрады. 

Бүгінгі таңда тамақ өнеркәсібінде оларды технологиялық өңдеу кезінде тамақ өнімдерінің пайдалы қасиеттерін жоғалту проблемасы жиі кездеседі. Бұл мәселені шешу үшін өндірушілер фортификацияны пайдаланады. Фортификациялау үшін ең қолайлы өнім ұн болып табылады.

Фортификация – өнімнің сапасы мен тағамдық құндылығын жақсарту үшін ұн тарту кезінде ұнға аз мөлшерде дәрумендер мен минералдарды қосу процесі.

Алайда өндірушілер ұнды пайдалы өнімдермен байыту процесін көп жағдайда сақтамайды.

Зертхана мамандары ұн мен нан-тоқаш өнімдерін таңдағанда тек сұрып пен сапасына ғана емес, құндылығына да назар аударуды ұсынады.