Түсүпбеков Азамат Қариғұлұлы

Соңғы қызметі: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры.

Туған күні: 27.05.1972 ж.

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары: Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы -   «Гигиена және эпидемиология» мамандығы, «Гигиенист-эпидемиолог дәрігер» біліктілігі, Көкшетау экономика және менеджмент институты, «Экономика бакалавры» біліктілігі және академиялық дәрежесі.

Еңбек өтілі:

2015-2022 ж.ж. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары.

2014-2015ж.ж. ҚР ҰЭМ ТҚҚК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Ақмола облысы бойынша филиалының Айыртау аудандық бөлімшесінің директоры.

2009-2014 ж.ж. ҚР ДСМ МСЭҚК «Солтүстік Қазақстан облыстық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМҚК Айыртау ауданы бойынша-филиал директоры.

2004-2009 ж.ж. Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданының «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» ММ бас дәрігері.

2003 ж. Айыртау ауданы бойынша мемсанэпидқадағалау басқармасының басшының міндетін атқарушы.

2002-2003 ж.ж. Айыртау аудандық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының бас дәрігері.

2002 ж. Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау аудандық санэпидстанциясы дәрігер паразитолог.

1999-2002 ж.ж. Тимирязев аудандық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы Солтүстік Қазақстан облысының мемсанэпидқадағалау басқармасының бас дәрігері.