Қазақстандық мамандар Еуропадағы ең үздік зертханада білім алды
Казахстанские специалисты прошли обучение в лучшей лаборатории Европы 05.02.2018

«Ұлттық сараптама орталығының» мамандары Нидерландының Вагенинген қаласындағы «Wageningen University & Research» базасында жұмыс істейтін «RIKILT» ғылыми-зерттеу институтында кәсіби біліктіліктерін арттырды.

Ауыл шаруашылығы және экология саласында бұл Нидерландыдағы азық-түлік қауіпсіздігі мен түпнұсқалық саласында тәуелсіз зерттеулер жүргізілетін ең жақсы университет.

«Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК кадрлық әлеуетті дамытуға және қызметкерлердің отандық және шетелде біліктілігін арттыруға үлкен көңіл бөледі.

Мәселен, екі апта ішінде ҰКП санитарлық-гигиеналық зертханасының мамандары хлорорганикалық пестицидтердің, фосфорорганикалық қосылыстардың, карбоматтардың және пиретроидтардың сынамаларын дайындаудың жаңа әдістерін зерттеді. Бұл әдістер тамақ өнімдерінде 200-ден астам пестицидтерді анықтауға мүмкіндік береді. Қатерлі ісік тудыратын тұрақты органикалық ластаушы заттар мен канцерогендерді анықтау әдісі де зерттелді.

Тренинг барысында Қазақстан мамандары соңғы жоғары ажыратымдылықтағы GC/MS (GC-Orbitrap) және жоғары ажыратымдылықтағы LC-MS (UPLC-Q-Exactive) жабдықтарымен танысты.

ҰКП қызметкерлерінің айтуынша, кейбір зерттеу әдістері Қазақстанда жүргізілгендерден ерекшеленеді. Бірақ, біз өзіміздің зертханалар негізінде 2018 жылы жүзеге асыру жоспарланған бұл әдістерді енгізіп, меңгере аламыз.

Сонымен қатар, «RIKILT» ғылыми-зерттеу институтының профессорлық-оқытушылық құрамы Қазақстанға барып, Ұлттық сараптама орталығының барлық мамандары үшін екі апталық оқу курсын өткізуді жоспарлап отыр.