Батыс Қазақстан облысындағы дүкен сөрелерінен Қытай өндірушілерінің қауіпті ойыншықтары табылды
26.03.2021

«Soy Luna» қуыршағымен Қытайдан келген қауіпті өткір жиектері бар және тауардың таңбалануы сәйкес келмейтін «Умка» голографиялық экраны бар үш мысық музыкалық телефоны Батыс Қазақстан облысының сөрелерінде анықталды.

Үлгілер ағымдағы жылдың ақпан айында БҚО бойынша ҚР ДСМ СЭБК Орал қалалық және Ақжайық аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының халық тұтынатын тауарларды бақылау аясында сатып алынды.

БҚО бойынша ҰСО мамандары атап өткендей, соңғы 2 жылда облыс дүкендеріне Қытай өндірушілерден сапасыз ойыншықтар жиі түсе бастады, онда таңбалау бойынша 80-90% - ға жуық бұзушылықтар бар, ойыншықтардың конструкциясы бойынша 7-10% - ға және үлгілердің иісі бойынша 1-3% - ға сәйкессіздіктер анықталады.

Анықтама үшін:

Ойыншықтарды сатып алғанда, тауарлардың таңбалануына назар аударыңыз. Таңба ойыншықтың өзінде не қаптамасында айқын көрініп, өшірілмеуі тиіс, сондай-ақ қазақ және орыс тілдерінде жазылуы керек. Сонымен қатар, ойыншықты бояудың сапасы арқылы дүкеннен шықпай-ақ тексеруге болады. Ол үшін ойыншықты қатты ысқылаңыз, егер бояу қолыңызда қалса, оны сатып алмағаныңыз жөн. Жоғары сапалы және қауіпсіз ойыншықта сапалы бояғыштар қолданылады және бір жылдан астам уақыт сақталады, сонымен қатар алғашқы жуудан кейін жоғалмайды.

Ойыншықты сатып аларда иісіне жіті назар аудару керек. Жоғары сапалы ойыншықтарда өткір немесе жағымсыз химиялық иіс болмайды, ал улы ойыншықта жағымсыз, өткір химиялық иіс сакталады. Сондай-ақ, ойыншықтың сыртына мұқият қарау керек. Онда қыртыстар, бөртпелер болса, түрлі дене жарақаттарына алып келуі мүмкін.

Сурет галереясы