22.04.2026
Саммиттің мақсаты – Орталық Азия елдерінде экожүйелерді қорғау, қалпына келтіру және бірлесіп пайдалану, су және жер ресурстарын тиімді басқару, сондай-ақ биоалуантүрлілікті сақтау бағытында кешенді саясат пен тетіктер қалыптастыру.
RES бағдарламасы 58 іс-шараны қамтиды, оның ішінде 17-сі жоғары деңгейдегі кездесулер, 4-еуі Орталық Азия елдерінің ұлттық сессиялары және 37-сі дөңгелек үстелдер, конференциялар мен семинарлар форматындағы тақырыптық жиындар.
Ұлттық сараптама орталығы «Болашақ ұрпақты қорғау: денсаулық – экологиялық күн тәртібінің өзегінде. Арал теңізі бассейнінен алынған сабақтар мен шешімдер» атты сессияға қатысты.
Айта кету керек, мемлекет Арал теңізі өңіріндегі экологиялық өзгерістердің халық денсаулығына әсері мәселелеріне, сондай-ақ экологиялық және климаттық тәуекелдерді төмендету шараларына ерекше назар аударып отыр.
Саммит БҰҰ және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықта құрылған диалог алаңы ретінде өтуде. Оның негізгі мақсаты – Орталық Азия өңірінде экожүйелерді қорғау және қалпына келтіру, су мен жер ресурстарын ұтымды пайдалану, сондай-ақ биоалуантүрлілікті сақтау бойынша кешенді шешімдер әзірлеу.