Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

ДДСҰ Қазақстандағы өкілдері ҰСО зертханаларына жұмыс сапарымен келді

Представители ВОЗ в Казахстане посетили лаборатории НЦЭ с рабочим визитом 27.02.2026

Сапар барысында халықаралық сарапшылар бактериологиялық және аса қауіпті инфекциялар зертханаларының қызметімен танысты. Кездесу аясында зертханалардың жұмыс істеу жағдайына сараптамалық бағалау жүргізіліп, биологиялық қауіпсіздік саласында оларды одан әрі жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірленді.

Сондай-ақ сарапшылар зертханалық қызметтің қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған тәжірбиелік ұсыныстарын ұсынды.

Алдағы уақытта ДДСҰ ҰСО зертханаларындағы биологиялық қауіпсіздік пен биоқауіпсіздік жүйесінің жай-күйіне кешенді бағалау жүргізуді жоспарлап отыр. Бұл бастама Қазақстан Республикасындағы ағымдағы жағдайды айқындауға және ұлттық биологиялық қауіпсіздік жүйесін нығайтудың басым бағыттарын белгілеуге мүмкіндік береді.

Өз кезегінде ДДСҰ-ның Қазақстандағы Елдік кеңсесі қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы нәтижелі ынтымақтастық пен сындарлы өзара іс-қимыл үшін алғыс білдірді.

Сурет галереясы

thumbnail thumbnail thumbnail