24.10.2025
Алматы қаласында «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторингтің ғылыми-практикалық орталығы» базасында «Бірыңғай денсаулық» тәсілі шеңберіндегі өзектілік пен заманауи қатерлер» атты республикалық семинар өтті.
Іс-шараға Ұлттық сараптама орталығының филиал басшылары мен биологиялық қауіпсіздік саласындағы мамандар, сондай-ақ Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы, оның филиалы – Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторингтің ғылыми-практикалық орталығы және М. Айқымбаев атындағы аса қауіпті жұқпалы аурулар ұлттық ғылыми орталығының өкілдері қатысты.
Семинардың ашылуында Ұлттық сараптама орталығының басқарма төрағасы Ерлан Қиясов сөз сөйлеп, жаһандық қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы сын-қатерлер жағдайында тәжірибе алмасудың және ұлттық биологиялық қауіпсіздік жүйесін нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, Ұлттық сараптама орталығының Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Тиллабек Сейденов «Биологиялық қауіпсіздік бокстары: аттестация (сертификаттау) және техникалық қызмет көрсету» тақырыбында баяндама жасады. Өз сөзінде ол биологиялық қауіпсіздіктің жұқпалы аурулардың таралуын болдырмаудағы және зертхана қызметкерлері мен қоршаған ортаны қорғаудағы маңызды рөлін атап өтті.
Баяндамашы биологиялық қауіпсіздік бокстарының (БҚБ) тиімді пайдаланылуы мен техникалық қызмет көрсету мәселелеріне ерекше тоқталды. Бұл жабдық – биологиялық қауіпті агенттермен жұмыс істеу кезінде ауа ағынын сүзгіден өткізіп, зарарсыздандыратын арнайы қорғалған жұмыс аймағын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ халықаралық стандарттарға сай аттестациялау мен техникалық тексеру талаптары талқыланды. Олардың қатарында NSF 49:2002 (АҚШ), EN 12469:2000 (Еуропа), AS 2252 (Австралия), JIS K 3800:2000 (Жапония) және ГОСТ Р EN 12469-2010 (Ресей) стандарттары бар.
Семинар барысында қатысушылар биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты келесі өзекті тақырыптарды талқылады:
Талқылау қорытындысында сарапшылар зертханалық инфрақұрылымды кешенді түрде дамыту, мамандардың біліктілігін арттыру және адам, жануарлар мен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған «Бірыңғай денсаулық» тұжырымдамасы шеңберінде халықаралық ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.