01.10.2025
Құрметті достар мен әріптестер!
Сіздерге зор қуаныш және үлкен жауапкершілікпен «Ұлттық сараптама орталығының Хабаршысы» атты жаңа ғылыми-практикалық журналымыздың алғашқы санын ұсынамыз.
Бұл – санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеулер мен практикалық шешімдердің дамуына жол ашатын маңызды оқиға.
Журналдың басты мақсаты – санитариялық-эпидемиологиялық сараптама, биологиялық қауіпсіздік, қоғамдық денсаулық және басқа да салаларда теория мен тәжірибені ұштастыратын, білім алмасуға және озық тәжірибелерді енгізуге арналған кәсіби алаң құру.
Журнал үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тоқсан сайын жарық көреді. Біз тұрақты түрде шығатын басылым оқырмандарымызға денсаулық сақтау саласындағы өзекті зерттеулер мен тиімді практикалық шешімдерге қол жеткізуге мүмкіндік береді деп сенеміз.
Біздің журнал халықаралық ISSN (International Standard Serial Number) жүйесінде тіркелген. Бұл оның ресми мәртебесін растап қана қоймай, халықаралық ғылыми кеңістікте кеңінен танылуына және ілгерілеуіне жол ашады.
Сонымен қатар, журнал Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитетінің Мемлекеттік тіркеу органында ресми тіркелген.
Редакциялық кеңесте – халықаралық сарапшылар мен отандық ғалымдар. Бұл басылымдарымыздың мазмұнының сапалы әрі маңыздылығын қамтамасыз етеді.
Журналдың негізгі мақсаты – ғылым мен тәжірибені біріктіре отырып, денсаулық сақтау және санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік салаларындағы өзекті мәселелерді, инновациялық шешімдер мен заманауи зерттеулерді жариялау. Біз санитариялық қауіпсіздік саласындағы мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттырып, ғылыми әлеуетін дамытуға ықпал ететін орта қалыптастырамыз.
«Ұлттық сараптама орталығының Хабаршысы» ғалымдар мен мамандар үшін өз тәжірибесімен бөлісіп, зерттеу нәтижелерін ұсынуға арналған бірегей алаң болады.
Журналдың алғашқы санында санитариялық-эпидемиологиялық сараптама мен денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелеріне арналған материалдар жарияланды.
Санитариялық қауіпсіздік, денсаулық сақтау және эпидемиология саласындағы зерттеушілер мен сарапшыларды өз ғылыми еңбектері мен тәжірибелік материалдарын журнал беттерінде жариялауға шақырамыз.
Біздің міндетіміз – ғылымды ілгерілету және оны нақты практикалық үдерістерге енгізу үшін ғалымдар, практиктер мен жас зерттеушілердің күшін біріктіру.
Біз әрдайым ынтымақтастыққа ашықпыз және жаңа зерттеулерді, ғылыми шолулар мен практикалық кейстерді қарастыруға дайынбыз.
«Ұлттық сараптама орталығының Хабаршысын» бірге дамытып, санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы өзекті зерттеулер мен үздік тәжірибелерге негізделген сенімді ақпарат көзіне айналдырайық!
Журналдың алғашқы санымен танысу үшін сайттағы «НЦЭ Хабаршысы» бөліміне мына сілтеме арқылы https://nce.kz/vestnik/ өтіңіздер.
Құрметпен, Ерлан Қиясов