25.09.2025
Ұлттық сараптама орталығының базасында Кәсіпорынның Басқарма Төрағасы Е.А. Киясовтың, Кәсіпорынның сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің, филиал басшылары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды өткізу бойынша міндеттер бекітілген филиал қызметкерлерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.
Семинардың лекторы ретінде ISO 37001:2016 «Парақорлыққа қарсы күрес менеджменті жүйесі» стандартын енгізу бойынша жетекші аудитор - Жайықбаев Ерлаз Мұхтарұлы қатысты.
Семинар тақырыбы: ІЅО 37001:2016 «Парақорлыққа қарсы күрес менеджменті жүйесі. Қолдану талаптары мен ұсыныстары».
Е.М. Жайықбаев ISO — әлемнің 160-тан астам елінен ұлттық стандарттау органдарын біріктіретін халықаралық ұйым екенін айтты. ISO әзірлейтін барлық нәрсе халықаралық стандарттар түрінде жасалады. 1947 жылы құрылғаннан бері ISO әр түрлі салаларды қамтитын 23000-нан астам стандарттарды жариялады. Лектор сонымен қатар ISO 37001 стандартының не екенін түсіндіріп, стандарттың құрылымын егжей-тегжейлі сипаттап, пара алу ұғымына анықтама берді.
Соңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің басшысы А.М. Мырзагулов пайдалы және маңызды ақпарат үшін Е.М. Жайықбаевқа алғысын білдіріп, одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміт білдірді.