Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Послание Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана «Справедливый Казахстан: закон и порядок, экономический рост, общественный оптимизм» 10.09.2024

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайын үлкен үмітпен күтілетін, медицина қоғамдастығынан үлкен қолдау табатын халыққа Жолдауын жариялады. «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты саяси маңызды құжатта денсаулық сақтау саласын қоса алғанда, бірқатар бағыттарды қамтитын өзекті мәселелер көтерілді.

Мемлекет басшысының Жолдауы елдің даму бағытын және болашаққа арналған бағыттарды айқындады.

Мемлекет басшысының Жолдауында отандық денсаулық сақтау саласын тек қана өзгерістер емес, толықтай жаңа, жаһанды даму кезеңі күтіп тұрғанын айқын түсіндірді.

Өз сөзінде Президент елдің кадрлық әлеуетін сатылай жоғарылатудың өте маңызды екенін атап өтті. Атап айтқанда, экономиканы білікті мамандармен қамтамасыз ету үшін білікті мамандарды дайындау қажеттілігін атап өтті.

«… Білікті медицина мамандарының тапшылығы – әлі де өзекті мәселе. Бұл мәселені шешу үшін, ең алдымен, медицина саласындағы білім сапасын барынша арттырған жөн. Соның ішінде грант құнын білім беру үдерістерінің деңгейіне қарай саралау арқылы белгілеп,  тиімді тарату қажет.…», - деп атап өтті Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ұлттық сараптама орталығы үшін кадрлық әлеуетті дамыту – дамудың маңызды бөліктерінің бірі. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында,

Кәсіпорынның Календарлық-тематикалық жоспарына сәйкес, 800-ден астам маман оқытылды.

Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік туралы Заңын орындау және зертханалар мамандарына жұмысқа рұқсат алу жұмысы жалғастырылды, сертификациялық курстарда шамамен 70 маман оқыды.

Қазақстан Республикасының 2026 жылға дейінгі денсаулық сақтауды дамыту Концепциясын іске асыру аясында Ұлттық сараптама орталығы сертификациялық курстарды әзірлеп, енгізді.

Сондай-ақ, мамандарымыз шетелдегі оқуларға белсенді қатысып жүр, 2023 жылы ҰСО-дан 25 маман жіберілді.

Жалпы, Мемлекет басшысының Жолдауында көптеген өзекті және басымдылықты мәселелер айтылды. Бұл бәрі елдің, оның ішінде медицина қоғамдастығының және мемлекеттің дамуы мен гүлденуі үшін қажет. Осыған байланысты, Мемлекет басшысының Жолдауы қазіргі кезде мемлекетіміздің барлық аумағында кеңінен талқыланып, қолдау табуда.

Мемлекет басшысы бірлік болған жерде өмір бар екенін еске салды, өз Жолдауының негізгі сәті ретінде ол ел азаматтарын елімізге адал қызмет етуге, абыройлы еңбек етуге, терең білім алуға және шаршамай еңбек етуге шақырды.

Фото дереккөзinform.kz