Бүгін Астанада ДДҰ елдік кеңсесінің қолдауымен Дүниежүзілік азық-түлік қауіпсіздігі күніне арналған «Алиментариус кодексі: қорытындылар, алынған сабақтар мен жетістіктер» тақырыбында тамақ қауіпсіздігі саласындағы сарапшылардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Ұлттық сараптама орталығы бүкіл ел бойынша кең филиалдық желісімен «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекстің, "Тамақ қауіпсіздігі туралы» ҚР Заңының және Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес тамақ өнімдеріне зертханалық бақылауды жүзеге асырады.
Сөз сөйлеу барысында ҰСО Басқарма Төрағасы Ерлан Қиясов тамақ өнімдерін зерттеу кезінде зерттеу саны мен анықталу деңгейі бойынша статистикалық деректерді айтып өтті.
Ол сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті. ҚР Ветеринариялық қызметімен бірлесіп, бекетке бақылау жүргізілетін ҚР аумағындағы өткізу пункттерінде жұмыстын тиімділігі жөнінде айты.
Ұлттық сараптама орталығы халықаралық деңгейде жұмыс жүргізуде. Мәселен, ҰСО INFOSAN және RASFF сияқты халықаралық танылған жүйелер үшін байланыс жасайтын алаң болып табылады. INFOSAN-бұл бүкіл әлемдегі мемлекеттік органдарға арналған азық-түлік қауіпсіздігі органдарының халықаралық желісі. RASFF бұл азық-түлік тізбегінде пайда болатын халықтың денсаулығына қауіп төнген жағдайда азық-түлік қауіпсіздігі органдарының тез әрекет етуіне арналған еуропалық жедел ескерту жүйесі болып табылады.
«ҰСО басқа елдердің серіктестерімен тәжірибе және білім алмасу арқылы халықаралық байланыстарды нығайтуды жалғастыруда. Біз бірлескен күш - жігермен ғана тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде нақты нәтижелерге қол жеткізе алатынымызға сенімдіміз», - деп қорытындылады Ерлан Қиясов.