Солтүстік Қазақстан облысында кенеге қарсы дезинсекциялық іс-шаралар аяқталды
В Северо-Казахстанской области завершены противоклещевые дезинсекционные мероприятия 03.10.2023

Көптеген адамдар жылудың келуімен кенелер көктемде ең қауіпті, ал қалған кезеңде үлкен қауіп төндірмейді деп санайды. Бұл пікір қате өйткені кенелердің екі маусымы бар, біріншісі-көктем, екіншісі-күз. Сәуір, мамыр және қыркүйек айларында әсіресе мұқият болу керек. Егер қазан айында қоңыр күз болса, кенелердің белсенділігі алғашқы суыққа дейін төмендемейді.

Кенелер әдетте су объектілеріне апаратын жолдардың бойында, мал жайылымдарында, орман сайларында өмір сүреді. Әсіресе кеміргіштер болатын жерлерде көп кенелер өмір сүреді. Сондықтан кеміргіштермен күресу шаралары кенелермен күресу шарасы болып табылады, өйткені бұл жағдайда кенелер кеміргіштермен бірге жойылады.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Дезинфекция орталығы ағымдағы жылдың 14-30 қыркүйегі аралығында Қызылжар ауданының аумағында кенеге қарсы өңдеу бойынша тосқауылдық дезинсекцияның екінші кезеңін өткізді.

Өңдеу кезінде қажетті жабдықтармен жабдықталған дезинфекциялық бригадалар жұмылдырылды. Кенеге қарсы іс-шаралар «Циперлад – 25» инсектоакарицидтік препаратын қолдану арқылы жүргізілді, ол қауіпсіздіктің 4-класс құралдарына жатады, яғни-адамдар мен жануарлардың денсаулығы үшін қауіпсіз.